Журналист(сымақ) Нұрсейіт Жылқышыбай дегеннің мекен-жайын білетін адам болса, үлкен өтініш, жекеге жазыңыздаршыСоттылықты анықтап алу үшін, нақты адресі керек. Менің жеке өміріме қатысты эфирде курстасым Мұхамеджан Тазабекке (жиі сөйлесіп тұрады екенсіз деген сияқты) шындыққа жанаспайтын өзінің долбарын сұрақ ретінде тықпалап, ар-намысқа тигені үшін сотқа беретінімді мәлімдеймін.
Мұхамеджанның телефонын да білмейді екем. Жаңа қарасам, соңғы рет былтыр 2024 жылдың наурыз айында оразаның алдында мессенжер арқылы сөйлесіппіз. Астанаға келгенде, курстастар шәй ішейік депті. Бір жарым жылда бір мессенжер арқылы сөйлесу - жиі хабарласқанға жата ма? Сотта сол сұрақтарға жауап берсін, ендеше, - деп жазды ол.
"Ең басты айтарым - зорлық орын алған! Тұраровтың қолдаушылары барлық органда болғандықтан, біраз жылдан бері есірткіге тәуелді екенін отбасы да, араласатын адамдар да білетіні анық. Бірақ біздің елде барлық адамға қатысты ондай қылмыстар ашыла бермейтінін білесіздер. “Дикий Арманның” командасында болған спортшының көкелері оған қатысты қылмыстың ашылмауына мүдделі. Оған көзіміз әбден жетті.",-деген еді адвокат.