Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Татарстанда жұмыссыздарды соғысқа тарта бастады

10:05, 13 шілде 2022 326
 



Татарстанда еңбек биржасында тіркеуде тұрған жұмыссыздарға келісім-шартқа қол қойып, Украинадағы соғысқа аттану туралы ұсыныс айтылып жатыр. Оларға ай сайын 300 мың рубль төлеуді уәде еткен. Бұл жөнінде осындай ұсыныс алған азаматтардың бірі "Важные истории" жобасына хабарлады.

Куәгердің сөзіне қарағанда, мамыр айында оны жұмыспен қамту орталығына шақырған. Онымен бірге сегіз жұмыссыз адам барған. Әуелі оларға қарапайым жұмыс ұсынылған, кейін бір-бірден кабинетке шақырып, әскери құпияны жарияламау туралы құжатқа қол қоюды ұсынған.

"Важные истории" өкілінің айтуынша, ол соғысқа қатысудың салдары жөнінде сұраған. Жұмыспен қамту орталығының маманы мұнымен ФСБ айналысады деп қысқа қайырып, кейін құжатқа қол қоймауға рұқсат берген.

Куәгердің айтуынша, оған айына шамамен 300 мың рубль жалақы ұсынылған, бірақ ол соғысқа қарсы екенін жеткізіп, ұсыныстан бас тартқан.

"Важные истории" жобасы өкілдері жұмыспен қамту орталығына хабарласып, мән-жайды сұрауға тырысқан. Орталық өкілдері келісім-шартпен соғысқа әскери комиссариат арқылы баруға болатынын хабарлаған.

Осыған дейін "Важные истории" жобасы Петербург түрмесіндегі тұтқындарды соғысқа тартып жатқандығын хабарлаған.

Бұған дейін Татарстанда Украинадағы соғысқа жіберілетін екі батальон жасақталып жатқаны жайлы да хабар болған. Оларға "Алға" және "Темір" деген ат берілген. Татарстан президенті Рустам Минниханов "Алға" және "Темір" батальонындағы қызметкерлерге 260 мың рубльден ақша төлеу жайлы жарлық шығарған.

Азаттықтың Татар-башқұрт редакциясының хабарлауынша, Украинада соғыс басталғалы бері Татарстаннан барған шамамен жүз солдат опат болған. Кейінгі кезде соғысқа ерікті болып аттанған республика тұрғындарының қаза болғаны жайлы хабар жиілеген.



 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар