Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тасмағамбетов Алматының әкімі кезінде сатылып кеткен саябақ мемлекетке қайтарылды

11:24, 28 наурыз 2024 600

Алматы қаласының прокуратурасы қала орталығындағы саябақты қайтарды. Бұл аумақ Иманғали Тасмағамбетов қала әкімі болып тұрған шақта жекеге өтіп кеткен.
 
Алматы қаласының прокуратурасы мәліметінше, көпқабатты тұрғын үй салу үшін заңды тұлғаға 2,8 гектар жер телімі заңсыз берілген.

"Талдау нәтижесінде 2007 жылы жергілікті атқарушы орган Алматы қаласының бас жоспарының ережелерін және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын елемей, заңды тұлғаға саябақ аймағы қарастырылған учаскеге жеке меншік құқығын берген", - деп жазылған мәліметте.

Кейіннен бұл жер шамамен 2,3 миллиард теңге өтемақы төленіп, мемлекет мұқтажы үшін тәркіленді.

Уәкілетті орган қадағалау актісін орындау үшін Алматы қаласы әкімінің қаулысын және одан кейінгі азаматтық-құқықтық мәмілелерді заңсыз деп тану туралы талап арыз берді.

2024 жылғы 26 наурызда апелляциялық сатыдағы сот талаптарды толық қанағаттандырды.

Айта кетейік, Тасмағамбетов 2004-2008 жылдары Қазақстанның ең ірі қаласы Алматының әкімі қызметін атқарды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар