Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тас-талқанын шығарамын»: Трамп журналист сұрақтарына жауап бермей, кетіп қалды (ВИДЕО)

21:27, 07 маусым 2026

АҚШ Президенті Дональд Трамп елді жаңа әскери қақтығыстарға араластырмау туралы ешқашан уәде бермегенін мәлімдеді, деп жазады Alash.kz.

NBC телеарнасына сұхбат берген АҚШ басшысы Дональд Трамп пен журналист Кристен Уэлкер арасында Иранмен арадағы шиеленіске байланысты сөз таласы орын алды. Тілші Президенттің жаңа соғыстарды бастамау туралы халыққа берген көпжылдық уәдесін алға тартып, қазіргі іс-қимылдары арқылы бұл міндеттемесін бұзған-бұзбағанын нақтылауды сұраған болатын. Алайда АҚШ жетекшісі өзінің ешқандай уәдені бұзбағанын айтып, соғыс болмайтынына ешқандай кепілдік бермегенін жеткізді және Иранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеу басты міндет екенін алға тартты.

Осы орайда Дональд Трамп ресми Тегеранға қатысты өз ұстанымын былай деп қатаң мәлімдеді:

«Мен бұған не мәмілеге келуге өте жақын қалған келіссөздер арқылы қол жеткіземін, не болмаса олардың тас-талқанын шығарамын».

Сұхбат барысында журналист Кристен Уэлкер сұрақтарын АҚШ Президенті тілшіні «үлкен либерал» және «прогрессивист» деп айыптап, сөз соңында оны ақымаққа балап, сұхбатты үзіп, кетіп қалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар