Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин елімізде ЛГБТ насихатына ресми түрде тыйым салынғанын хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“ЕЛ БОЛАШАҒЫН ҚОРҒАҒАН ЗАҢ! Қазақстан Парламенті ЛГБТ насихатына ресми түрде тыйым салды!
2025 жылғы 12 қараша күні, Мәжіліс – екінші оқылымда мақұлдады. Сенат – бүгін толық қолдап мақұлдады.
Не өзгерді? ЛГБТ насихатын, әсіресе балаларға бағытталған контентті тарату – ЕНДІ заңмен ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ.
Жасөспірімдердің психикалық, әлеуметтік және моральдық қауіпсіздігін қорғау – басты мақсат. Бұл тыйым – бұқаралық ақпарат құралдарына, әлеуметтік желілерге, жарнама мен мәдени өнімдерге қатысты.
Халық не дейді? 87% қазақстандық бұл бастаманы қолдайды (Eurasian Monitor). Жаңа заң – дәстүрлі отбасы мен ұлттық құндылықтарды қорғауға бағытталған. ЛГБТ белсенділерінің радикалды перфоманстары (мысалы, Түркістандағы өз символдарын насихаттау) – қоғамды ашындырды.
Бұл не үшін қажет болды? Көптеген елдерде ЛГБТ насихаты артқан сайын туу көрсеткіші күрт төмендеп, психологиялық тұрақсыздық пен отбасылық институт әлсіреп бара жатыр.
Ой саларлық сұрақ: Ертең сіздің балаңызға мультфильмнен, әннен немесе кітаптан ЛГБТ "жаңа норма" деп ұсынылса – не істер едіңіз?
Бұл заң – ешкімнің құқығын шектемейді, бірақ қазақ қоғамының болашағын, баланы, отбасыны қорғайды.
Енді құжат Президентке қол қоюға жіберілді. Бұл – ұлт рухы мен мемлекет ұстанымын айқындайтын тарихи шешім!”,- деп жазды Еділ Жаңбыршин.