Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тарихи жетістік! Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы елем чемпионатында жеңіске жетті

18:19, 08 мамыр 2026

Қазақстанның хоккейден ұлттық құрамасы Польшаның Сосновец қаласында өткен әлем чемпионатында (IA дивизионы) айқын басымдық көрсетіп, турнирді жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Alash.kz. 

Соңғы турда Франция құрамасын тізе бүктірген отандастарымыз жарыс кестесінде көш бастап, келесі жылы әлемдік хоккейдің ең жоғары тобында өнер көрсету құқығына ие болды.

Талғат Жайлауов баптайтын команда мен Франция арасындағы шешуші кездесу тартысты өтті. Ойынның негізгі уақытында Дмитрий Бреустың голына қарсыластар Флавиан Дердің соққысымен жауап беріп, есеп 1:1 болып теңесті. Қосымша уақытта (овертайм) жеңімпаз анықталмағандықтан, ойын тағдыры буллит сериясында шешілді. Бұл сында қазақстандық хоккейшілер ширақтық танытып, қорытынды есепті 2:1-ге жеткізді.

Турнир барысында Қазақстан құрамасы өткізілген бес ойынның бәрінде жеңіске жетіп, жалпы 15 ұпайдың 13-ін еншіледі. Бұл нәтиже біздің командаға өз тобында бірінші орын алуға және элиталық дивизионға мерзімінен бұрын жолдама алуға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, турнир ережесі бойынша екінші орын алған команда да жоғары дивизионға көтеріледі. Қазіргі уақытта бұл жолдамаға Франция, Польша және Украина құрамалары басты үміткер болып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар