Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тәрбиелі қыз екен". Сәкен Майғазиевтің келіні мәһр сұрады

21:03, 06 маусым 2025 733

Сәкен Майғазиевтің келіні Асанқызы Әдия көпшіліктің алдында Сәкенұлы Әділеттен маһрге не сұрағаны белгілі болды, деп хабарлайды ALASH.KZ порталы Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп. 

Көпшілік алдында жиналған екі жастан молда "Мәһрге не сұрайсың?" деген сұрақ қойды.

Енді ғана босаға аттап жатқан жас келін "Алтын сақина" деп жауап берді. Видеодан бұл жауап көпшіліктің көңілінен шыққанын байқауға болады.

"Әп, бәрекелді!", "Тәрбиелі қыз екен", "Сәкеннің келіні болудың өзі мәһр ғой", "Маңғыстаудың қыздары алтын" деп жазып жатыр оқырмандар. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар