Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Танымал спортшы Тайландта өте ауыр жағдайда қаза тапты

12:00, 17 маусым 2025 444

Ресейлік спортшы, бодибилдингтен белгілі Юлия Родина Таиландта қайғылы оқиға салдарынан суға батып кетті, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Оқиға Пхукет аралындағы Банг-Тао жағажайында болған. Хабарламаға сәйкес, Юлияны судан жансыз алып шыққан, ал жергілікті дәрігерлер оны бір тәулік бойы тірілтуге тырысқанына қарамастан, аман алып қала алмаған.

Юлия Родинаның әріптесі Наталья Маркеленкова кейінірек бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, Юлия кері ағысқа (рип) түсіп қалғанын айтты.

Қазір спортшының отбасы оның денесін Ресейге жеткізу үшін қаражат жинаумен айналысып жатыр.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар