Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Танымал жұлдыздың 11 жастағы қызын мектепте аяусыз соққыға жыққан

14:44, 27 қаңтар 2025 946

Белгілі скрипкашының қызын Мәскеудегі музыка мектебінде соққыға жыққан. Қыз ауруханаға ми шайқалу диагнозымен жатқызылды, деп хабарлайды Alash.kz.

SHOT деректеріне сүйенсек, оқиға Орталық музыка мектебінде болған: 11 жастағы скрипкашы Марио Дуранның қызына сыныптасы шабуыл жасаған.

Үзіліс кезінде қыздардың арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан.

Жанжалға бірден ересектер араласып, жедел жәрдем шақырған.

Қыз ауруханаға ми шайқалу және миоптикалық астигматизм диагнозымен жеткізілді — бұл көру ақауы, оның салдарынан адам алысқа қарай алмай, бұлыңғыр көреді.

Марионың айтуынша, оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Марионың қызы скрипка мен арфа ойнауды үйреніп жүр. Кадрларда қыз әкесімен бірге бір концертте өнер көрсетіп жатқанын көруге болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар