Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Танымал екі футболшы энергетикалық сусын ішіп, жүрек талмасынан қаза тапты

16:28, 18 ақпан 2025 914

Свердлов облысында екі футболшының жұмбақ өліміне энергетикалық сусын себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Alash.kz.

SHOT басылымының мәліметінше, дәрігерлердің қорытындысы бойынша екі спортшының өліміне жедел жүрек талмасы себеп болған.

 Алайда жүрек мәселесі тек қана 32 жастағы Янда болған, ал 33 жастағы Даниил толықтай сау еді.

Сарапшылардың пікірінше, жедел жүрек талмасы энергетикалық сусыннан пайда болуы мүмкін.

Спортшылар жаттығу алдында энергетик ішкен, бұл олардың жүрек соғысын қатты жылдамдатып, кейін физикалық жүктемеден соң ұйқы кезінде жүрек ритмі қауіпті деңгейге дейін төмендеген.

Біздің ақпаратқа сәйкес, марқұмдардың қанынан қандай да бір у немесе есірткі заттары табылған жоқ.

 Қылмыстық сипаттағы факторлар да жоққа шығарылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар