Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Танымал әншінің концертіне барған 71 жастағы әжей залда қайтыс болды (ФОТО)

14:16, 24 ақпан 2025 996

Тверде Елена Ваенганың концерті кезінде көрерменнің өліміне қатысты тың ақпарат шықты, деп хабарлайды Alash.kz.

SHOT мәліметінше, оқиға антракт кезінде болған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, концерт барысында залдағы жылу алмастырғыш құрылғы (калорифер) сөндірілген, бірақ температуралық режим қалыпты болған.

Залда барлық орындар толы болды. Сондай-ақ концерт залында медициналық қобдиша болған, алайда ұйымдастырушылар жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсете алмаған.

Бұған дейін 71 жастағы әйелдің Тверде өткен Елена Ваенганың концертінде қайтыс болғаныхабарланған еді.

Ол концертке құрбысымен келген, алайда оған да кенеттен нашарлап кеткен.

Басқа көрермендердің айтуынша, залдың іші тым ыстық әрі тұншығарлықтай болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар