Алматы облысы полициясының мәліметінше, 14 қаңтарда адам өлтірді деген күдікпен Талғардың Рысқұлов ауылының 45 жастағы тұрғыны ұсталды, деп жазады Alash.KZ.
Күдікті — марқұмның азаматтық некедегі күйеуі.
Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала мәлімет бойынша отбасылық жанжал кезінде ол әйелге пышақ жарақатын салған.
Бірнеше сағаттан кейін әйел көз жұмған. Жарақат алған жәбірленушіні туыстары тауып алған. Естеріңізге сала кетейік, Рысқұлов ауылы - Шерзат ісі кезінде аты аталған Хасан Қасымбаевтың ауылы.
Талғарда Хасан Қасымбаевтың ауылында тағы да адам өлімі тіркелді
Ашық дерекөздерден
Соңғы жаңалықтар
«Қайта орала алмады. ДНҚ тестін тапсырдық»: Бельгиялық Жәнібек оқиғасын айтты (ФОТО)
09:08, 23 қараша 2026
Қазақ күресін Азия ойындарының бағдарламасына енгізу ұсынылды – Ербол Мырзабосынов
22:00, 22 қараша 2026
СҚО-да республикалық автожолдардың бірнеше учаскесінде көлік қозғалысы шектелді
20:00, 22 қараша 2026