Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Талғар ауданында төтенше жағдай жарияланды

18:15, 09 шілде 2024 427

Алматы облысы, Талғар ауданында бүгіннен бастап табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Алматы облысы, Талғар ауданында төтенше жағдай жарияланып, қауіпсіздік мақсатында Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің аумағына баруға шектеу қойылды.

"Бұл шешім Талғар өзенінің бассейнінде орналасқан морена көлін босату және селден қорғау құрылысының алдында өзен арнасын тазарту бойынша алдын алу шараларын жүргізуге байланысты қабылданды. Бұл іс-шаралар Талғар, Кендала, Ақтас елді мекендерінің тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған", - делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.

Оқиға орнында Талғар ауданы әкімдігінің, төтенше жағдайлар бөлімі мен "Қазселденқорғау" мекемесінің өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Билік азаматтардан қойылған шектеулерді сақтауды сұрады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?