Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Талдықорғанда "әйелін өлтірді" деп айыпталған Жанболат Айбарға прокурор 15 жыл түрме жазасын сұрады (ВИДЕО)

12:03, 08 қаңтар 2026

Талдықорғандағы "әйелін атқа сүйреп өлтірді" деп айыпталған  Айбар Жанболатқа прокурор 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, деп жазады Alash.KZ.

Бұл туралы Ulysmedia ақпарат агенттігі хабарлады.

Іс материалдарына сәйкес, бастапқыда оқиға «абайсызда адам өліміне әкелу» ретінде тіркелген. Алайда марқұмның туыстарының бастамасымен эксгумация жасалып, қосымша сот-медициналық сараптамалар тағайындалғаннан кейін, қылмыстық іс «адам өлтіру» бабы бойынша қайта сараланған.

Тергеу нұсқасына сүйенсек, марқұмға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық бір реттік емес, ұзақ уақыт бойы жүйелі түрде жасалған. Бұл жайт қосымша дәлелдермен расталғаны айтылды.

Прокурор сотта сөйлеген сөзінде аталған бап бойынша қарастырылған ең қатаң жаза — 15 жыл түрме екенін атап өтіп, сотталушыны қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесіне жіберуді сұрады.

Қазіргі таңда сот процесі жалғасуда. Соттың түпкілікті шешімі алдағы уақытта белгілі болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар