Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Такси жүргізушісі есікті құлыптап, жолаушы қызға алымсақтық жасады: “Жаңа адамдар” оқиғаның үстінен түсті (ВИДЕО)

20:10, 24 қыркүйек 2024 1448

«Жаңа Адамдар» Жастар қозғалысы» ұйымының қызметкерлері әйелдерге арналған такси қызметі барын айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Қыздар таксиге мінгенде әдепсіз әзілдерге, тұспалдауларға, танысу ұсыныстарына, сондай-ақ жүргізушілердің орынсыз физикалық қатынастарына қаншалықты жиі тап болады? Бұл сұрақтың жауабын білу үшін Жаңа адамдардың «TUMAR» азаматтық науқаны  белсенділері Алматыда бірқатар рейдтер жүргізді.

Бірінші күні барлық 7 сапар кезінде орынсыз қырындаулар мен ерсіліктер болды. Эксперименттің екінші күні төрт сапардың тек біреуі ғана қалыпты аяқталды. Басқа екеуінде ерсі мәлімдемелер мен тұспалдаулар болды. Ал төртінші...

Жүргізуші есіктерді құлыптап, қызды жоспарланбаған бағдармен алып кетті. Олардың соңынан ерген TUMAR жобасы белсенділерінің көлігі таксиді тоқтатуға тырысты, бірақ жүргізуші ізіне түскендерден жалтаруды шешті. Қысқа қудалау нәтижесінде ішінде жолаушы қыз бар құлыптаулы көлік тоқтауға мәжбүр болды. Оның жүргізушісі 1995 жылы туған Ерболат Аманжолұлы екені анықталды. Бір қарағанда, ол - қарапайым адам және лайықты отағасы. Алайда, камера, жүргізушінің жолаушы қызға әдепсіз сөздер айтып қана қоймай, сапар барысында оған қолын тигізуге тырысқанын, түсіріп алды. Белсендінің орнында, дайындалған соңынан еруші командасы жоқ, басқа қыз болған жағдайда не болатынын елестету қорқынышты. 

Жанжал соңында жүргізуші хайуандық қажеттілігін қанағаттандыру үшін резеңке қуыршақ алып, қылмыс орнынан ізін суытты. Қудалау кезінде Ерболат Аманжолұлының көлігінің мемлекеттік нөмірі түсіп, оның жеке мәліметтерін анықтауға мүмкіндік туды. Белсендіге жасалған шабуыл фактісі үшін Жаңа адамдар полицияға арыз жазды. Көлігінің жоғалған нөмірін шабуылдаушы Владимир Коккинаки көшесі, 7 үйде орналасқан Қозғалыстың алматылық кампусынан алып кете алады. Әрине, егер батылы жетсе.

Эксперимент әйелдердің таксиде жүйелі түрде алымсақтыққа тап болатынын дәлелдеді. Кейде жағдай физикалық зорлық-зомбылыққа дейін жетеді. Десек те, бұл туралы айту әдепсіздік болып саналады. Жолаушы қыздар болған оқиғаны ұмытуды жөн көреді. Бұл азғындардың өзін жазасыз сезінуіне және қылмыс жасауды жалғастыруына мүмкіндік береді. 

Шакизада Слемғали, «TUMAR»: 

«Бастарыңыздан өткен зорлық-зомбылық пен алымсақтық туралы айтудан қорықпаңыздар. Осы бейнежазбаның пікірлер бөлімінде өз оқиғаларыңызбен бөлісіңіздер. Әлеуметтік желілерде #tumarsafetaxi хэштегімен бейнежазбалар жариялап,  кімнен сақ болу керектігін көрсетіңіздер. Олар жария болудан қорқады. Демек олардың аты-жөні мен көліктерінің мемлекеттік нөмірлерін бүкіл елге көрсету керек. Олардың қылмыстары туралы бүкіл Қазақстан білсін»!

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар