Талғар қаласында 41 жастағы әйел бес айдан бері іздестіріліп жатыр, деп жазады Alash.kz.
Еріктілердің мәліметінше, із-түзсіз жоғалған Ирина Николаевна Васильева 1985 жылы туған. Ол 2026 жылғы 20 қаңтарда Талғар қаласындағы Тәжібаев көшесі, 24-үй мекенжайындағы үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған.
Белгілері: бойы – 165–170 см; дене бітімі – арықша; шашы – қара түсті; көзі – жасыл. Үстіндегі киімі: ақ түсті бас киім; жасыл күртеше; қара етік.
Әйелді іздеу жұмыстары жалғасуда.