Келісім шарт бойынша әскери қызметкер қаза тапты. Бұл туралы Syrym Itkulov телеграм арнасы мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
“Мына тағы бір әділетсіздік. Астана қаласында міндетті әскери қызметін өтеп шыққан солдат Алматы қаласына келісімшарт бойынша ауысып, қызмет етіп жүрген.
Есімі - Алмаз. Бір күні оның анасына Алмаздың қайтыс болғаны туралы суық хабар жеткізілді. Алғашында кінәлілерді жазалаймыз деп уәде берген болатын.
Бірақ кейін олар Алмаздың өзін-өзі абайсызда атып алғанын мәлімдеді”,- деп жазды телеграм арнасы.