Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тағдыры ең жақсы санда тұр: Бишімбаев, Нүкенова, Байжановтар туралы нумерологпен сұхбат

15:56, 18 сәуір 2024 908

Қоғамдық резонанс тудырған Салтанат Нүкенованың өлімі - бар қазақтың қайғысы. Айыпталушы Қуандық Бишімбаев пен Байжанов және Салтанат Нүкенованың рухани, тұлғалық болмысы туралы нумерология іліміне сай, эзотерик Ақбота Әбілтай талдау жасап көрді.Alash.kz порталының тілшісі эзотерик Ақбота ханыммен тілдесті. 

-Бишімбаевтың психологиялық келбеті қандай? Нумерология бойынша талдау Бишімбаев туралы не дейді?

-Негізі нумерология адамның психологиялық келбетіне толықтай жауап бере алмайды. Сандар тұрғысынан белгілі бір деңгейде ғана сипаттама бере алады. Одан бөлек нумерологияға бағынбайтын жауапкершілік, тәрбие, құндылық сияқты дүниелер бар. Сондықтан адам болмысына толықтай мінездеме беру мүмкін емес.

Сандарын қарасаң, Қуандық Бишімбаевтың да, Салтанат Нүкенованың да потенциалы, қарым-қабілеті зор. Екі талантты адамның осындай жағдайға ұшырағаны қиын.

Қуандық Бишімбаевтың тағдыр саны 6. Нумерологиядағы ең жақсы санның бірі. Махаббат, әсемдік пен гармония саны. Тағдыр саны алтылық адамдардың миссиясы – гармонияға келу, яғни өмірінің бар саласын гармонияға жеткізу. Ойы, сөзі, ісі, жан-дүниесі үйлесімде болуы керек, үйі, айналасы әдемі, әсем болуы керек. Бірақ түрлі факторлардың себебінен бұл міндетті орындай алмағанын көріп отырмыз.

Нумерологиялық матрицасында екіліктері (222) мен төрттіктері (444) көп. Бұл комбинация – алапат күш. Екіліктер – биоэнергия, ішкі қуат, ерік-жігер күші. Ал төрттіктер – тән әлеуеті, агрессия. Мұндай адамның табиғаттан тән әлеуеті жоғары келеді. Сондықтан дұрыс құндылықтарды ұстанып, төрттіктердің потенциалын спорт пен жұмысқа жұмсап, позитив бағытта шығаруы керек.

Олай етпеген жағдайда адам жұдырық ала жүгіруге, тізе батырып жіберуге бейім болады, тән құмарлығына, арақ-шарап, жалпы нәпсіге бой алдырады. Себебі төрттіктердің күші шығатын жол іздеп тұрады, позитив бағытта дамытпаса, негатив бағытта шығып, адамның өзіне қарсы жұмыс істейді. Спорт арқылы шықпаған потенциал ашу, агрессия арқылы шығады.

Бірліктері де жеткілікті, яғни өзіне сенімді, әр нәрсеге өзінің көзқарасы бар. Жалпы екі, төрт, алты – топыраққа тән сандар. Қуандықтың матрицасында осы сандар көп, яғни адам болмысында зіл бар, анау-мынау дүниеге шайқалып кетпейді, ерік-жігер күші де, физикалық күші де көп, өмірге икемді, тау қопарарлық потенциалы бар. Бірақ осы қабілеттің бәрін дұрыс пайдалана алу үшін әуелі құндылық дұрыс болуы керек. Біз енді адамның құндылықтарына баға бере алмаймыз. Оны өзінен басқа ешкім білмейді.

-Салтанат Нүкенованың нумерологиялық таңбасы оның тағдыры туралы не дейді?

-Салтанаттың тағдыр саны 5. Жұрт назарында жүруі керек. Көзге бірден түседі. Қуандықта екі, төрт, алты сияқты топыраққа тән, энергиясы ауыр сандар көп болса, Салтанатта керісінше төрт пен алты жоқ, есесіне үштіктері (333) мен бестіктері (555) көп. Бұл ауаға, космосқа тән сандар. Өте сезімтал. Әсемдікке құмар.

Морт сынып кетуі мүмкін. Болмысы жеңіл. Оның үстіне бірліктері де кем, көп дүниеде өз ойын өзгелердің растағанын күтеді, үнемі қолдау қажет. Іштей өзінікі дұрыс екенін біліп тұрса да, бірбеткейлік жоқ, басқалардың пікіріне құлақ түреді, ойынан оңай айнытуға да болады. Екеуінің де жолы ауырлау жалпы.

-Байжанов шын мәнінде кінәлі ме? Нумерология ілімі бойынша оның бойынан қандай қасиеттерді байқай аламыз?

-Сандарына қарап, ешкімді кінәлі, кінәлі емес деп айта алмаймыз. Жоғарыда айтқанымдай сандарға, ешқандай эзотерикаға бағынбайтын жауапкершілік, адамшылық, тәрбие, құндылық деген дүниелер бар.

Біз Байжановтың да құндылықтарын білмейміз ғой. Сондықтан ол кінәлі я кінәсіз деп айту – қате болады. Оны әуелі бір Құдай, сосын өзі біледі, ниеті қандай болғаны өзіне ғана мәлім. Қалғанын заң шешеді.

Бірақ Байжанов қандай жағдайда да шынын айтуы керек. Себебі тағдыр саны 8. Өзінің матрицасында 888 бар. Бұл өте сирек кездесетін комбинация және ведалық нумерологияда кармалық көрсеткіш саналады.

Тағдыр саны сегіздік адамдар және матрицасында осындай сегіздіктері (888) бар адам, қашан да адалдық, әділдік жолымен жүруі керек.

Себебі сегіз – қарыз бен парыз, борыш, адалдық пен әділдік саны. Адам сол миссияны орындамаса, яғни адал жүріп, әділ болмаса, мұрттай ұшады.

Тән әлеуеті төмен, ерік-жігер күші кем. Негізі бұл адамға біреудің тасасында жүрмей, өзі публикаға шығуы қажет. Публиканың потенциалы жоғары. Тек соны дамытпаған болуы керек.

Сұхбаттасқаныңызға алғыс! 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар