Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Сыртына алтын жалатылған, бауы бұзау терісінен": Маңғыстау полицейлері 180 дана сағатқа тапсырыс берген

12:03, 25 қыркүйек 2024 564

Маңғыстау облысының Полиция департаменті 180 дана алтын жалатылған сағатқа тапсырыс берген, деп хабарлайды Alash.KZ сайты Lada.kz-ке сілтеп.

Сатып алу сайтында облыстық ПД 80-і әйелдерге және 100 данасы ер адамға қол сағат бергенін хабарлаған. Бұған бюджеттен екі миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалады.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті Мемлекеттік сатып алушылар сайтында сағат сатып алу туралы хабарландыру жариялаған. Құжаттарда сағат алтын жалатынған болуы керек екені, ал аксессуардың бауы бұзау терісінен жасалуы керек деп көрсетілген.

"Механизм - жапон/щвейцариялықтан жаман емес. Механизмнің түрі – кварц. Сырты PVD Gold (алтын), қапталған (титан нитрид + 10 микрон алтын). Артқы қақпағы тот баспайтын болаттан жасалған. Шынысы - минералды, сызаттарға төзімді. Су өткізбейтін - кем дегенде 5 АТМ. Шаң/ылғалға төзімді. ( ... ) Циферблат – ақ эмаль, дөңгелек, диаметрі кемінде 30 мм, өріс өндірушінің жазулары мен эмблемаларынан таза. Бауы: аллергияға қарсы жабыны бар былғарыдан (бұзау), қара/қоңыр, қара/қоңыр жіптермен тігілген", - делінген сипаттамасында.

Сайтта әр сағаттың құны - 11 мың теңге тұрады деп көрсетілген. 80 дана тұратын әйелдер сағатының жиынтығына ведомство 880 мың теңге, ал жүз ерлер сағатына - 1,1 миллион теңге бөлуге дайындалып отыр.

Тапсырыс беруші әр сағаттың әдемі қорапта болуын ескерткен.

"Лазерлік гравюра, артында - "ҚР ІІМ" логотипі және "МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ" деген жазу бар", - делінген техникалық сипаттамада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар