Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сыртқы қауіпке байланысты»: Трамп шұғыл төтенше жағдай енгізді

17:13, 27 тамыз 2026

АҚШ-тың энергетика жүйесіне төнген сыртқы қауіпке байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ақ үй басшысы Дональд Трамп елдің энергетикалық инфрақұрылымын кибершабуылдар мен саботаждан қорғауға бағытталған арнайы жарлыққа қол қойды. Шешімге сәйкес, шетелдік өндірістің белгілі бір электр жабдықтарын, соның ішінде маңызды бағдарламалық қамтамасыз ету мен цифрлық жүйелерді сатып алуға және орнатуға толық тыйым салынады.

«АҚШ-тың орталықтандырылған электрмен жабдықтау жүйесі біздің елге қарсы қаскөйлік әрекеттер жасауды көздейтіндердің басты нысанасына айналуы мүмкін», - деп мәлімдеді Дональд Трамп өзінің бірінші президенттік мерзімінде-ақ мұндай қауіптің бетін ашқанын алға тартып.

Енгізілген тыйымдар тізіміне жоғары вольтты трансформаторлар, күн батареяларына арналған инверторлар, генераторлар мен басқа да стратегиялық маңызы бар жабдықтар енгізілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар