Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Сыртқа шықпаңыздар”. Астанада жатақхананың алдында атыс болды

09:23, 13 сәуір 2025 1553

Астанада Орынбор мен Ақмешіт көшелерінің қиылысында орналасқан жатақханалардың бірінде атыс болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарап жатыр, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

Желі қолданушыларының бірі тұрғындарға үндеу жариялап, атыс болғанын растаған.

«Құрметті көршілер! Егер аулада туыстарыңыз, жақындарыңыз немесе балаларыңыз болса — оларды үйге қайтаруды сұраймын. Қазірше далада жүрген болсаңыздар, үйге кіріп алыңыздар. Біздің үйдің қарсы бетіндегі жатақханада атыс болды. Өз құлағыммен бірнеше рет атылған оқтың дыбысын естідім. Қазір сол жерде полиция, жедел жәрдем және басқа да қызметтер жүр. Өз қауіпсіздіктеріңіз үшін жағдай анықталғанша сыртқа шықпағандарыңыз дұрыс», – деп жазды қала тұрғыны.

Оқиғаның нақты себебі мен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ.Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция мен арнайы қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар