Сүйінші! Қазақ қызы Назым Қызайбай айқын басымдықпен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Қазақ қызы Назым Қызайбай айқын басымдықпен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.
Әйелдер арасында 50 келі салмақта сынға түсіп жатқан Қызайбай ширек финалда колумбиялық Валенсия Лорена Ингритпен жұдырықтасты.
Тартысты жекпе-жектің алғашқы екі раундында төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Назымға берді.
Жалпы есепте Назым Қызайбай 4:1 есебімен жеңіске жетіп, Олимпиаданың жартылай финалына өтті.
Финал жолдамасы үшін таласта Қызайбай қытайлық Ву Юмен бәсекеге түседі.