Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Суретті шежіре шабандозы. Белгілі фотожурналист Болат Омарәлиев өмірден өтті

21:30, 30 тамыз 2024 383

Белгілі фотожурналист, Қазақстанның құрметті журналисі Болат Омарәлиев өмірден өтті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл жайлы қоғам белсендісі Айгүл Сағымбай хабарлады:

Фотожурналистика саласының майталман маманы, бір өзі бір өңірдің ғана емес, мыңдаған тағдырдың тарихи сәттерінің куәгері, республикаға танымал шежіреші фотограф Болат Омарәлиев ағамыз өмірден өтті деген хабарды оқып, сенгім келмей отыр.
Осыдан 6-7 жыл бұрын БОЛАТ аға кабинетіме келген. Флешкасында мыңдаған фото бар екен. Соны отырып іріктедік. Жүрегі жұмсақ азамат болса қағаз бетінде сөйлеп тұрған тарихты көзінің тірісінде кітапқа айналдырсам деген арманы бар еді. Дәл сол сәтте барлығы түлкі бұлаңға тіреп, кітап шықпай қалды. Бір ауыз бірдеңе деп үн қатпаған БОЛАТ ағаның сол кездегі күрсінісі әлі күнге құлағымда тұр.
Кейін шықты ма, шықпады ма, хабарсызбын ол жағынан.
Болат ағаның 200-ге жуық таңдаулы фотосы менде сақтаулы. Аман-есен жүрсек, алдағы уақыт көрсетер - деп жазды ол.
Белгілі фототілші Болат Омарәлиев 1948 жылы 15 қарашада Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қоғалы ауылы, Ызакөл деген жерде дүниеге келді. Еңбек жолын аудандық «Сырдария» газетінде бастады. 1969 жылдан 2014 жылдың желтоқсанына дейін облыстық «Сыр бойы» газетінде фототілшілік қызмет атқарды. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?