Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сұмдық жағдай: Келіншек парацетамол ішкеннен кейін үстіне қорқынышты жаралар шығып кеткен

13:00, 28 сәуір 2025 328

Түмен қаласының тұрғыны парацетамол мен ибупрофен қабылдағаннан кейін денесінде қорқынышты жаралар мен бөртпелер пайда болды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

SHOT басылымының хабарлауынша, 28 жастағы Мария жақында түн ортасында қатты ауру мен қышудан оянып кеткен. Оның басы қышып, еріндері ісіп кеткен, ал денесінің әр жерінде ауыр бөртпелер мен жаралар пайда болған. Сол сәтте қыздың дене қызуы 39 градусқа дейін көтеріліп, ол бірден жедел жәрдем шақыртқан. Марияның айтуынша, дәрігерлер оған аллергиялық табиғаты бар ауыр ауру — Лайелл синдромы деген диагноз қойған. Оны дереу ауруханаға жатқызған. Сол кезде қыз қатты ауырып, тамақ та, су да іше алмаған.

Сонымен қатар, дәрігерлер Марияда микоплазмалық пневмония анықтаған. Оның өзі бұл аурумен екінші рет ауырдым деп болжайды, өйткені ағзасынан антиденелер табылған. Ал денесіндегі жаралар мен бөртпелер күшті аллергиялық реакция салдарынан пайда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жағдай парацетамол мен ибупрофенді қабылдаудан туындаған.

Қазіргі уақытта Мария ауруханада ем қабылдап жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар