Үндістанда 13 жастағы қыз баланы 5 жыл бойы 60-қа жуық адам зорлап келгені анықталды. Бұл туралы Alash.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Үндістан полициясы кәмелетке толмаған балаға зорлық-зомбылық көрсеткен 58 адамды қамауға алды. Оларды бәрі бес жыл бұрын, қыз бала небәрі 13 жаста болған кезде басталған.
Оқиға бес жыл бұрын Үндістанның еңмаргиналды қауымдастықтарының бірінде тұратын кедей жалдамалы жұмысшылардың бірінің отбасында болған. 13 жастағы қыз баланы өзі тұратын ауылдағы көршілерінің бірі зорлағаны туралы болжам бар. Оны зорлағандардың бірі барлығын видеоға түсіріп алғаны анықталды. Ал ата-анасы мұндай жағдайдан мүлдем бейхабар болып келген.
Зорлағандардың арасында көршілерінен, сыныптастарынан, тіпті туыстарынан құралған 58 ер адам қамауға алынды. Тағы екі ер адамның елден қашып кеткені белгілі болды