Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сұмдық жағдай: 10 жастағы баланы жазғы лагерьде жасөспірімдер зорлаған

15:22, 01 шілде 2025 362

Красноярск өлкесіндегі балалар лагерінде 10 жасар баланы ұрып-соғып, бөтелкемен зорлаған, деп хабарлайды ALASH.KZ.

 Сухобузим ауданындағы «Сосновый бор» спорттық лагерінде ессіз оқиға болды.

Балалардың бірі екі үлкен жасөспіріммен төбелесіп қалған: олар оны қорқытып, желкесінен қағып, тіпті бір рет тұншықтырған.

Осыдан кейін оның анасы Марина лагерь басшылығына және бұзақылықты ұйымдастырушылардың бірінің анасына шағымданған.

Біраз уақыттан кейін жағдай шегіне жетіп - 11 және 13 жастағы жасөспірімдер мектеп оқушысын ұстап алып, оны басқа балалардың көзінше пластик бөтелкемен зорлаған.

Жергілікті тергеу комитеті бала зорлау бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Маринаның айтуынша, жасөспірімдер спорттың күш түрлерінен Краснояр өлкесінің чемпиондары.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар