Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сұмдық жағдай: Жолаушылар мен жүк пойызы соқтығысып 15 адам қаза тапты (ВИДЕО)

18 маусым 2024 818

Үндістанның шығысында жүк пойызы мен жолаушылар пойызы соқтығысып, салдарынан кем дегенде 15 адам қаза тауып, 60 адам жарақат алды. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы.

Ақпарат бойынша, қаза тапқандар арасында жүк пойызының екі машинисті мен жолаушылар пойызының күзетшісі бар. Құрбандар саны артуы мүмкін, себебі апат орнында құтқару жұмыстары әлі аяқталған жоқ.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Құтқару операциясы қатты нөсер жаңбыр жағдайында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Press Trust of India басылымы.

Алдын ала ақпарат бойынша, соқтығысудың себебі пойыздардың қозғалыс кестесінің бұзылуы болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?