Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші: «Қазақстан барысының» жеңімпазы анықталды

22:36, 26 қазан 2024 149

Астана қаласында өтіп жатқан «Қазақстан барысының» чемпионы анықталды, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.

Дүбірлі доданың бас жүлдесін Абай облысының атынан қатысқан Ерасыл Қажыбаев иеленді. Ал күміс жүлдені Ерсұлтан Мұзаппаров еншіледі.

Байқауға еліміздің үздік балуандары жиналған. Олар Қазақстанның 17 облысынан және Республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент атынан қатысты. 

Сондай-ақ, турнирге былтырғы «Қазақстан Барысы» чемпионы және «Әскер Барысы» командасының екі балуаны қатысты, барлығы 42 қатысушыны құрады.

 Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнир чемпионы 15 миллион теңге көлемінде бас жүлдеге ие болады.

«Жалпы жүлде қоры 27 100 000 теңгені құрайды, оның 3 720 000 теңгесі жаттықтырушылар үшін бөлінген. Жүлделі орындар келесідей бөлінеді: 1-орын — 15 000 000 теңге, 2-орын — 3 300 000 теңге, 3-орын — 1 080 000 теңге. Сонымен қатар, әрбір жеңіске жеткен жекпе – жек үшін балуан 100 000 теңге алады», - делінген әлеуметтік желідегі парақшада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?