Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші! Қазақ қызы Зарина Райфова пара дзюдодан қола жүлде жеңіп алды

10:47, 08 қыркүйек 2024 468

Пара дзюдодан әйелдер арасында +70 кг салмақ дәрежесінде J2 санатында белдескен Зарина Раифова қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, үшінші орын үшін өткен кездесуде Раифова италиялық Каролина Костадан басым түсті.

Париждегі Паралимпия ойындарына қатысып жатқан спортшылар отандастарымызды күн сайын жүлделі орындармен және тамаша нәтижелермен қуантуда. Бүгін парадзюдо құрамасы тағы да кәсіби дайындығын көрсетіп, тамаша нәтижеге қол жеткізді. Отандасымызды үшінші орын алуымен шын жүректен құттықтай отырып, спорт бәсекелерінде жеңістері мен табысы көп болсын тілеймін, - деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында 2 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар