Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші: Отандық десантшы-жауынгер гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионатында алтын алды

09:55, 26 тамыз 2024 464

Қырғызстанда гір тасын көтеру спорты бойынша өткен әлем біріншілігінде 18404 десанттық-шабуылдау әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Ержан Төлеубаев чемпион атанды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Жасөспірімдер, жастар, ересектер мен ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты Шолпаната қаласында өтіп жатыр. Оған әлемнің 13 елінен 350-ден астам спортшы  бақ сынады.

Ержан Төлеубаев 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Ал екінші орынға Ресей елінің өкілі иеленсе, үшінші орынға Өзбекстаннан келген спортшы табан тіреді.

Бұл спортшының осы деңгейдегі жарыстарда олжалаған екінші "алтыны" екенін айта кеткен жөн.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар