Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші: Нариман Құрбанов Түркиядағы Әлем кубогының алтын медалін жеңіп алды

10:41, 23 наурыз 2025 538

Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Түркиядағы Әлем кубогының алтын медалін жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Қазақстандық гимнастар Антальядағы (Түркия) Әлем кубогының кезеңінде екі медаль жеңіп алды.

Отандастарымыз ат снарядындағы финалда сәтті өнер көрсетті.

Нариман Құрбанов бұл бағдарламада 14,634 ұпай жинап, жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына көтерілді.

Айта кетейік, бұл гимнаст Париж Олимпиадасынан кейін алғаш рет халықаралық жарысқа қатысты.

Зейнолла Ыдырысов 14,300 ұпаймен екінші орынға ие болды.

Үшінші орынға Ахмад Абу Әл Сауд (Иордания) – 14,200 ұпаймен тұрақтады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар