Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сүйінші! Уақыт деген… Жұғысты болсын!»: Нұрлан Албан отбасындағы қуанышты жаңалығын хабарлады (ВИДЕО)

11:42, 12 қараша 2026

Белгілі қазақстандық әнші Нұрлан Албан әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесінің ұлы Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен өтеп, шаңырағына аман-есен оралған.

Осы орайда әнші сап түзеп, ел қорғауға аттанған барлық сарбаздың өз отбасыларына амандықпен қайтуына ақжарма тілегін білдірді.

«Сүйінші, Қазақ елі! Естеріңізде болса, осыдан тұп-тура 1 жыл бұрын 11 қараша күні мен баламды Отан алдындағы борышын өтеуге аттандырған болатынмын. Мінекей, уақыт деген қалай қас пен көздің арасында өтіп жатыр. Құдайға шүкір! Бүгін менің балам Отан алдындағы өзінің борышын абыроймен атқарып шаңыраққа, отбасына аман-сау оралды. Сол бір видео салынған кезде қаншама адам тілеулес болып еді. Аман-сау келуңе, абыройлы болуыңа, жақсы азамат болып қалыптасуыңа тілеулес болып еді. Көптің тілеуі - көл. Өте қуаныштымын. Әрбір қазақтың шаңырағында әскерге кеткен ұрпақ, әр азамат, перзент аман-сау оралсын. Біз тек қана соны тілейміз! Үйдегі ұлдарыңыз болса, әскерге жіберіңіздер! Отан алдындағы борышын өтесін. Нағыз жігіт, нағыз азамат болып келсін! Біз баламыз екеуміз тек қана сіздерге жақсылық тілейміз! Міне, менің ұлым келді. Құдайға шүкір! Ұлым - мақтанышым! Сіздерге осындай қуаныш жұғысты болсын, ағайын!».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар