Халық әртісі Роза Рымбаева әнші Мейрамбек Бесбаевты 50 жас мерейтойымен құттықтап, оның өнердегі жетістіктеріне жұбайының қосқан үлесі зор екенін айтты, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі Мейрамбектің халық арасында құрметке бөленіп, биік белестерді бағындыруына жарының қолдауы ерекше екенін атап өтті.
Осы орайда ол өнердегі ер азаматтарды өмірлік серіктерін бағалап, қадірін білуге шақырды.
“Жігіттер, сіздерге айтайын дегенім... Осы жерде Мейрамбек сияқты барлық өнер жұлдызы отыр ғой. Сіздердің осылай еркелеп, халықтың алдында жұлдыз болып жүргендеріңіздің артында осындай жұбайларыңыз тұр. Сіздер алысқа кеткенде балаларыңызды күні-түні жалғыз бағып, үйге келгенде ыстық шайын дайындап, «Шаршап келдің бе?» деп тамағын дайындап, айлап тосып отыратын осы жан-жарларыңыз ғой. Қосағыңмен қоса ағар дейді. Мейрамбектің осындай үлкен бақытты өнер жұлдызы болып жүргені осы жұбайының да арқасы деп ойлаймын. Отбасылық бақыт өнерге де, денсаулыққа да, жалпы өмірдегі өзіміздің орнымызға үлкен үлесі бар”, – деді Роза Рымбаева.