Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өзге ұлт өкіліне үйленсе, қалай қарайды? – Димаштың анасы болашақ келіні туралы айтты (ВИДЕО)

16:15, 11 қараша 2026

Халық әртісі, әнші Димаш Құдайбергеннің анасы, әнші Светлана Айтбаева ұлының болашақ жар таңдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Светлана Айтбаева «Отбасы өнегесі» медиажобасына берген сұхбатында Димаштың өзге ұлт өкіліне үйленуіне қалай қарайтыны туралы сұраққа жауап берді.

«Ең бірінші, жаман адам жоқ. Жаман ұлт жоқ. Сондықтан мәселе адамның адамдығында. Қай кезде де… Ал бірақ енді Димаш таза қазақы отбасынан шыққан, қазақша оқыған, қазақы көзқарастағы бала. Сондықтан оның өзінің таңдауы дұрыс болатынына сенімдіміз. Біз ата-анасы ретінде қандай таңдау жасаса да, оны қолдаймыз», – деді Светлана Айтбаева.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар