Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Шәкіртақы 500 мың теңгеге дейін көтеріледі»: Саясат Нұрбек докторанттардың шәкіртақысы өсетінін айтты

14:15, 11 қараша 2026

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Құрылтайда өткен брифингте докторанттардың шәкіртақысы өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz. BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Қазіргі таңда докторанттар (PhD) ай сайын шамамен 260 мың теңге шәкіртақы алады. Соңғы бес жылда шәкіртақы екі есе көтерілді. Бұл жұмыс жалғасады. 2029 жылға дейін шәкіртақы 500 мың теңгеге дейін көтеріледі. Осындай жоспар бар, - деп айтты ведомство басшысы.

Оның сөзінше, бұл жас ғалымдарға көрсетілген үлкен жеңілдік болмақ. 

Оған қоса, Мемлекет басшысының қолдауымен жас ғалымдарға баспана беріліп келеді. Соңғы екі жылдың ішінде 813 жас ғалым баспаналы болды, - деді министр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар