Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ұзақ уақытқа созылған жүрек жеткіліксіздігі». Қаралы хабар: Танымал актер өмірден озды (ФОТО)

15:32, 11 қараша 2026

Голливудтың танымал актері, «Борн ультиматумы» туындысы мен «Жаңа Майк Хаммер» сериалындағы рөлдерімен танымал Стейси Кич 85 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Alash.kz.

Қаралы хабарды растаған марқұмның отбасы актердің 10 қараша күн Польшаның Магдаленка қаласындағы отбасылық үйінде көз жұмғанын хабарлады. Оның өліміне ұзақ уақыт созылған ауыр жүрек дерті мен жүрек жеткіліксіздігі себеп болған.

Стейси Кич Голливудтағы шығармашылық жолында ондаған фильм мен телехикаяда бой көрсетті. Ол «Жаңа Майк Хаммер» детективтік сериалындағы басты рөлінен бөлек, «Жирный город», «Борн ультиматумы», «Небраска» фильмдерінде, сондай-ақ «Екі жарым адам», «Рэй Донован» және «Голубая кровь» хикаяларында сәтті рөлдер сомдаған. Бұдан өзге танымал «Симпсондар» анимациялық сериалын дыбыстауға қатысып, театр сахнасында да беделді еңбек етті. Әсіресе 2010 жылы Уильям Шекспирдің «Король Лир» қойылымындағы рөлі үшін Хелен Хейс атындағы театр сыйлығын иеленіп, «Эмми» мен «Тони» марапаттарына ұсынылған еді. Өмірінің соңғы жылдарына дейін өнерден қол үзбеген актердің соңғы кинотуындысы — 2025 жылы жарық көрген Джордж Клунидің «Джей Келли» фильмі болды.

Шығармашылық биіктермен қатар актердің өмірінде күрделі кезеңдер де орын алды. Өткен ғасырда, дәлірек айтқанда 1984 жылы ол Лондондағы Хитроу әуежайында кокаин сақтағаны үшін ұсталып, кінәсін мойындаған соң алты ай түрме жазасын өтеген болатын. Суреткер бұл оқиғаны өміріндегі ең ауыр сынақ ретінде бағалағанымен, кейін қайтадан өнерге оралып, белсенді жұмысын жалғастырды.

Артында жұбайы, ұлы Шеннон, қызы Каролина және інісі Джеймс қалған аңыз актер отбасы үшін өте қымбат, ардақты жан әрі отбасының жүрегі ретінде есте қалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар