Бұл туралы саясаткер, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өз әлеуметтік желі парақшасында жазды, деп хабарлады Alash.kz ұлттық порталы.
Жаңа ғана Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі Беташар Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді, - деп жазды Ерлан Қарин.