Бір жылда екі рет әлем чемпионы атанған боксшы Аида Әбікееваға көлік берілді.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде боксшы сыйға алған жаңа автокөлігімен түскен суретін бөлісті. Кадрларға қарағанда, оған кореялық KIA жол талғамайтын көлігі берілген.
Бұдан бөлек, спортшының жеке бапкері Ислам Абдраимовқа 5 миллион теңгелік сертификат табысталды. Бұл – бұған дейінгі марапаттарына қосымша сыйлық.
Еске салайық, Аида Әбікеева – Қазақстан әйелдер құрамасының алдыңғы қатарлы спортшыларының бірі. 2025 жылдың наурызында Сербияның Ниш қаласында өткен IBA әлем чемпионатында 63 келі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Ал Ливерпульде 65 келіге дейінгі салмақта қайтадан чемпион атанды.