Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші: Екі дүркін әлем чемпионы Аида Әбікееваға жерлестері су жаңа көлік сыйлады

10:35, 30 қыркүйек 2025 30

Қарағандыда екі дүркін әлем чемпионы Аида Әбікеева мен оның бапкері құрметке бөленді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл туралы Қарағанды облыстық Спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев желідегі парақшасында жазды.

Қарағанды облысының әкімі Ливерпульде өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен боксшы Аида Әбікееваны салтанатты түрде құттықтады. Қарағандылық спортшы алтын медаль жеңіп алып, өз үстемдігін дәлелдеп, әлемнің екі дүркін чемпионы атанды. Аида Әбікеваның жетістігі мемлекет деңгейінде жоғары бағаланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оған «Құрмет» орденін табыстап, қаржылай сыйақы берді.

Ал туған қаласында чемпионға автокөлік сыйға тартылды, жеке бапкері Ислам Әбдраимовқа 5 миллион теңгенің сертификаты табысталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар