Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші: Бокстан әлем чемпионы Аида Әбікееваға су жаңа автокөлік сыйланды (ВИДЕО)

13:45, 15 сәуір 2025 212

Қарағанды облысының бокс федерациясы атынан Халиков Камалутин Магомедұлы әлем чемпионы Аида Әбікееваға жаңа автокөлік табыстады. Бұл туралы Қарағанды облысы БФ ресми парақшасы мәлімдеді, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Бұл сүйінші жаңалық инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшада жарияланды.

“Бұл – оның ерен еңбегі, жігері мен табандылығы үшін лайықты марапат.

Аиданың бұл жетістігіне шын жүректен қуанып, Қазақстанды әлемдік аренада лайықты танытып жүрген дарынды спортшымызбен мақтанамыз. Бұл жеңіс – үлкен жолдың бастауы ғана болсын, алдағы мақсат – Олимпиада алтыны болғай!”,- деп жазылды постта.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағандылық Аида Әбікеева бокстан Сербияда өткен Әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.

Аида Қарағанды облысы тарихындағы әйелдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы атанды.

 Боксшы өткен жылдың желтоқсан айында ғана Тайланд төрінде Азия чемпионатында топ жарған еді. Араға 3 ай салып, әлемді де бағындырды

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар