Алматы қаласының бокс федерациясы бокстан бір жылда екі дүркін әлем чемпионы атанған Алуа Балқыбекованы арнайы марапаттап, су жаңа автокөлік табыстады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы,
Алматы бокс федерациясының жылдық конференциясы аясында халықаралық аренада ел намысын абыройлы қорғап, үздік нәтиже көрсеткен боксшыларға құрмет грамоталары, арнайы марапаттар және ақшалай сыйақылар табысталып, құрмет көрсетілді.
«Бүгін Алматы Бокс федерациясы әлем чемпионаттарының нәтижесі үшін көлік сыйлады.
Федерация ұжымына еңбегімізді елеп, осындай керемет қолдау көрсетіп жатқандарыңызға, көп-көп рақмет!», - деп жазды Алуа Балқыбекова.