Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші: Асхат Аймағамбетов қуанышты жаңалығымен елді сүйсіндірді

18:12, 29 қазан 2024 2514

Мәжілісмен Асхат Аймағамбетов науқастарға бөлінетін ақша қысқартылмай, керісінше тағы қосымша қаржы бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Депутат Facebook-тегі парақшасында бюджет жобасында онкологияны емдеуге бөлінетін қаржыны 20 миллиард теңгеге, ал онкогематологияға 5 миллиард теңгеге қысқарту туралы ұсыныс болғанын айтты.

Алайда, депутаттар бұл қысқартуға қатаң түрде қарсылық білдіріп, қосымша қаражат бөлу туралы түзету енгізген.

 

"Қазіргі уақытта Орталық Азияда протондық терапия орталығы жоқ, сондықтан біздің пациенттер қымбат ем алу үшін шетелге баруға мәжбүр", - деп жазды мәжілісмен.

Айтуынша, Қазақстанда бұл орталық жыл сайын 300-ден астам науқасқа өмір сүруге мүмкіндік беріп, шетелде емделуге қажетті үлкен шығындардан босатады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар