Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші, ағайын! Ұлттық құраманың үздігі енді әлемге әйгілі клубта ойнайды

20:19, 29 қазан 2025 190

Англияның танымал "Хартс" футбол клубы қостанайлық "Тобылдың" жартылай қорғаушысы Ислам Чесноковпен келісімге келгенін ресми түрде хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Клубтың бас директоры Эндрю Маккинли бұл трансфер жайында пікір білдіріп, ойыншының командаға қосылу мерзімін нақтылады.

"Біз Ислам Чесноковпен келісімшартқа қол қойдық. Ол ресми түрде қаңтар айында тіркеледі, бірақ желтоқсанның басынан бастап командамен бірге жаттығуларға қатысады. Бұл оның жаңа ортаға – Эдинбургке бейімделуі үшін тамаша мүмкіндік. Бізді қызықты әрі маңызды қыс мезгілі күтіп тұр, сондықтан бұл трансфер – қаңтар айына арналған үлкен жаңалық", – деді Маккинли.

Айта кетейік, "Хартс" қазіргі уақытта Шотландия чемпионатында бірінші орында келеді. Команда басты бәсекелесі "Селтикті" сегіз ұпай айырмасымен артта қалдырған. Соңғы турда өткен екі ұжым арасындағы кездесуде "Хартс" 3:1 есебімен жеңіске жетті.

2025 жылғы маусымда Ислам Чесноков "Тобыл" сапында 25 матч өткізіп, 9 гол соғып және 4 нәтижелі пас берген болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар