Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сүйемін деші. Амал жоқ, ұялдым»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі ренішін айтты

12:13, 30 қазан 2026

Танымал актриса Дариға Бадықованың бұрынғы жұбайы, актер Дархан Мұсаев екеуінің жаңа туындысымен бәсекелес болмау үшін өзінің авторлық картинасының премьерасын кейінге шегеруге мәжбүр болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иесі көпшілікке «Сүйемін деші» атты туындысын қараша айының орта шенінде үлкен экранға шығаруды көздеген екен. Алайда ол кестедегі өзгерістерге байланысты бұл шешімінен айнып қалған. Актер бұл қадамын жұрттың сынынан сескенетінімен түсіндіріп, өзінің толық пікірін ашық жеткізді:

«Қысқасы, қараша айының ортасына қойғанмын. Сөйтсем, бір кісілердің киносы да сол кезге қойылып қойыпты. «Хайп қуалады» деп айта ма деп, шынымды айтсам, киноны тағы да шегердім. Амал жоқ, ұялдым. «Соңыра» деген киноларын қойыпты ғой».

Осылайша, актер өзге әріптестерінің жобасымен уақыты тұспа-тұс келіп қалғандықтан, жұрттың өсек-аяңына ілікпеу үшін өз туындысының көрсетілімін кейінгі мерзімге ауыстырғанын ашық мойындады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар