Ақтөбе облысы Хромтау ауданында жоғалып кеткен 65 жастағы ер адам мен оның кәмелетке толмаған немересінің денелері суға батқан көліктің ішінен табылды, деп хабарлайды Аlash.kz порталы порталы BAQ.KZ порталына сілтеп.
Қайғылы оқиға 25 маусымда Құдықсай ауылынан Бозжыр өңіріне бет алған сәтте орын алған.
26 маусым күні кешкі сағат 19:30 шамасында іздестіру жұмыстары барысында Құдықсай ауылы маңындағы Ор өзенінде сүңгуірлер Toyota Hilux көлігін тауып, көліктің ішінен екі адамның денесін шығарды. Көлік 2,5 метр тереңдікте, жағадан 4 метр қашықтықта жатқан.
Қазіргі уақытта көліктің суға қалай түсіп кеткені белгісіз, оқиғаның мән-жайы анықталуда.