Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Судың құрамында алтын бар" - Алматы облысының Қаратоған ауылында 100 жастан асқан қариялар неге көп? (ВИДЕО)

14:52, 21 мамыр 2025 379

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Жамбыл мен Қаратоған ауылдарында кілең жүз жастан асқан қарттар тұрады, деп жазады Alash.KZ.

Бұл туралы Райымбек ауданына пресстурмен барған тілшіміз ғасыр жасаған қарттармен кездесіп, ұзақ өмір сүретін ауыл тұрғындарының құпиясын біліп қайтты. 

Журналистерге жол бастаған аудан әкімі Берік Фатықұлы қариясы көп, қазыналы ауылдың құпиясын былай түсіндірді.

"Қарт адамдардың саны көп, аллаға шүкір! Қазіргі таңда 100 жастан асқан 4 қария бар. 90 жастан асқан қариялардың саны статистика бойынша 30-дан асып қалады. Аудан бойынша тоқсаннан асқан 185 адам бар.

Себебі, кезінде орталықтандырылған ауыз су болмай тұрған кезде, ауыл тұрғындары Байынқол өзенінің суынан алып, тұндырып, ішіп келген кісілер ғой бұлар. Қазір де ауыл адамдарының көбі су лай болып ағып жатса да, өзеннен су алып, тұндырып қойып пайдаланады. 

Судың құрамында алтын бар. Алтын шайған өзен. Алтын адамның ұзақ жасауына әсер етеді", деп түсіндірді.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар