Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Су тасқыны кезінде осалдық танытқан қай өңірдің әкімі қызметінен кетеді? - Бозымбаев жауап берді

13:13, 25 маусым 2024 407

Су тасқыны кезінде осалдық танытқан қай өңірдің әкімі қызметінен кетеді? Бұл туралы Үкімет кулуарында сөз болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің әкімдерінің жұмысын бағалауды журналистер премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтан сұрады.

Атап айтқанда, БАҚ өкілдерін әкімдердің орны ауысып, қызметтері жаңаратыны қызық болды.

«Әкімдер ауыса ма, ауыспай ма — бұл сұрақ менің құзыретімде емес. Олардың жұмысына келетін болсақ, әрине, барлығы түрлі жұмыстарды атқарды. Бірақ жалпы үйлестіру жұмыстары қазір орталықтан, үкіметтен, президент әкімшілігінен жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта әкімдердің барлық жұмысы тұрғын үй мәселесіне бағытталған», — деп түсіндірді Бозымбаев үкімет отырысының кулуарында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар