Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ставка тігіп, қарыздарым болған…” - Еркебұлан Тоқтар алғашқы табысы туралы жан сырын ашты (ВИДЕО)

20:27, 15 желтоқсан 2025

Белгілі актер, ережесіз жекпе-жек шебері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Еркебұлан Тоқтар алғашқы табысы мен қарыздары туралы ашып айтты, деп жазады Alash.kz.

Журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында актер құмар ойындарына әуес болғанын да жасырмады.

Менде қарыз, кредиттер көп болды. Ставка тігіп, қуып кеткенмін. Сол кезде 3 млн 300 мың теңгедей қарызым болған. Общий санаған кезде. Оның ішінде микрокредиттер бар. Қазір қалада көп қой. Бәрінен алып шыққанмын ғой. Ставка қоямын. Ұтылып қаламын. Алғашқы табыстарыммен бірінші қарыздарымды жаптым. Одан кейін мамамның қарыздарын бастадым. Товарға қарыздары бар. Турцияға қарыздары болды. Одан кейін кредиттері болды. Бәрін очередьпен жауып бастадық. Одан кейін мамамдыкын жауып болғасын папама машина алғаным есімде…

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар