Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

СҚО: 2 жылда 14 мектеп жабылды

12 қазан 2022 120
Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі жылда 14 мектептің жабылуын жауапты мамандар білім ұяларындағы оқушы санының аздығымен байланыстырып отыр. 

Айта кету қажет бұл білім ошақтарының барлығы ауылды жерлерде орналасқан. Олардың кейбірінде бала саны тіпті үшке де жетпей қалған. Сондықтан білім басқармасындағы мамандардың шешімімен олардың есіктеріне құлып ілінді. Жалпы қазіргі таңда өңірде 465 мектеп жұмыс істеп тұр. Ал оның 75%-і шағын комплектілі. Сондай-ақ 306 ауылдан 2700-ден астам оқушы көрші елді мекендерге қатынап оқуға мәжбүр. Өңірде екі жаңа білім ошағының құрылысы жүріп жатыр.

Облыстық білім басқармасының хабарлауынша 2022-2023 жаңа оқу жылында жабылды:

  • Айыртау ауданының Верхнебұрлұқ бастауыш мектебі;

  • Есіл ауданының Алаби бастауыш мектебі;

  • Мағжан Жұмабаев ауданындағы Золотая Нива негізгі мектебі;

  • Қызылжар ауданында Желяков, Новоникольск бастауыш мектептері;

  • Ғабит Мүсірепов ауданындағы Литвиновка бастауыш мектебі;

  • Тайынша ауданындағы Краснодольский бастауыш мектебі.


Нәзір Жәшібеков, облыстық білім басқармасының басшысы:

– Бұл мектептерде балалардың саны нормативке сәйкес келмеді. Сол себептен осы мектептер жабылып қалды. Жабылған мектептерде бүкіл балаларды тасымалдау ұйымдастырылды. Интернатта тұратын балаларды бес рет тамақтандырамыз. Былтыр 7 мектеп жабылды. Содан кейін 7 мектеп реорганизаия болып кетті ғой. Биыл реорганизация жоқ. 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?