Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сотқа береміз…»: Жансая Әбдімәлік Бибісара Асаубаевамен арадағы дау туралы айтты (ВИДЕО)

12:52, 12 маусым 2026

Шахматшы Жансая Әбдімәлік Бибісара Асаубаевамен арадағы келіспеушіліктер туралы айтты, деп жазады Alash.kz.

Zamandas подкасында қонақта болған шахматшы өзіне қарата айтылған әңгіменің жала екенін алға тартты:

Мен онымен конфликтіге келген жоқпын. Ол мені қарсылас санайтын сияқты. Біз Әлем кубогында бір рет шахмат ойнадық. Мен одан жеңіліп қалдым.  

Мен конфликт кезінде аса батырып ештеңе айтпадым. Дегенмен, менде оған айтатын әңгімем көп еді. Бірақ, болашақта тағы осындай кейстер болып жатса, адвокаттарымызбен сотқа береміз деп бекініп отырмыз. Өйткені, әр кезде әртүрлі жала жаба беретіні тәуелділік сияқты күлкілі көрінеді. Мен үш жылдан бері шахмат ойнап жүрген жоқпын ғой. Бірақ, әрдайым бірдеңелерді құрап шығара береді. Мен тіпті бұған ирониямен қараймын. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар